Синоптиктер 6 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 5 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді.
5-7 қарашада Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақмола,Қостанай және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.