Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер 7 өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 6 қараша 2020 20:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 7 қараша күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-батыс, батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. тәулік бойы оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.


Жоғары қарай