Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Синоптиктер бірқатар өңірде ескерту жариялады

2019 жылдың 12 қараша 2019 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 13 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады.

Маңғыстау облысының кей жерлерін тұман басады.

Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Екпіні - 18 м/с.

Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Қоғам,
Жоғары қарай