Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 25 ақпан 2020 15:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты 26 ақпан күнге бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Түркістан облысының кей жерлерінде жаңбыр молынан жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Түркістан қаласында күннің екінші жартысында нөсерлі жаңбыр жауып, күндіз желдің күші 25 м/с күшейетіні күтіледі.

Шымкент қаласында күннің соңында қатты жаңбыр жауып, күндіз оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 25 м/с артуы ықтимал.

Қостанай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, 23-28 м/с артады.

Қостанай қаласында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының орталығы - Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с артады.

Орал қаласында тұман, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 18 м/с жетуі ықтимал.


Жоғары қарай