Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Синоптиктер екі өңірде ескерту жариялады

2020 жылдың 26 наурыз 2020 09:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты 26 наурызға екі өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, оның күші кей жерлерде 15-20, күндіз 25 м/с артады.

Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, оның жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.


Жоғары қарай