Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2020 жылдың 21 қаңтар 2020 07:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі, 21 қаңтар күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін тек Балқаш қаласында атмосфералық ауаның ластануы болжанады.

Өзге шаһарларда ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Автор Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Қоғам, Қазгидромет,
Жоғары қарай