Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер 16 ақпан күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше,еліміздің барлық қалаларында ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.