Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Синоптиктер еліміз қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты

2020 жылдың 7 тамыз 2020 06:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 7 тамыз күнгі еліміз қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктер мәліметінше, бүгін Қазақстанның барлық қалаларында метеодағдай қалыпты болады тек Петропавл қаласында ауа сапасы бұзылады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай