Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Сирия бойынша Астана процесінің кезекті отырысы тамызда өтеді

2019 жылдың 19 шілде 2019 12:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы 1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша Астана процесінің жоғары деңгейдегі 13-ші халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сілтеме жасап.


Алдағы кездесуде кепілгер елдері, яғни Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ мен Иорданияның, сондай-ақ Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі Астана процесіне алғашқы рет қатысатын Ирақпен Ливанның жоғары деңгейіндегі өкілдері сирияаралық келіссөздерге септігін тигізеді.

Кездесу Сириядағы, әсіресе Идлиб провинциясы мен елдің солтүстік-шығысындағы қазіргі ахуалды талқылауға, қақтығысушы тараптар арасындағы сенімді нығайтуға және саяси процесті одан әрі ілгерілетуге, сондай-ақ Сирия бойынша конституциялық комитетті құру және іске қосу бойынша жұмысты аяқтауға баса назар аударады.

1 тамызда екіжақты және көпжақты, соның ішінде Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуымен, алдын-ала консультациялардың өткізілуі жоспарлануда, ал жалпы отырыс 2 тамызда өтеді.

Басты сөздер: ҚР СІМ, Астана процесі, Сирия,
Жоғары қарай