Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Сиыр кәріз шұңқырына түсіп кетті

2020 жылдың 2 маусым 2020 23:36

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасар ауданында кәріз шұңқырына түсіп кеткен сиыр құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін кешкі сағат 19:35 шамасында Атбасар қалалық ӨБ кезекшілік бөліміне кәріз шұңқырына сиырдың құлап кеткендігі туралы ақпарат түсті.

«Құтқарушылар айтылған мекенжайға барған кезде сиыр тереңдігі 2 метр кәріз шұңқырының ішінде жатты. Жануарды сыртқа алып шығу үшін су сорғыш машина мен монипульятор тартылды. Нәтижесінде сиыр сыртқа аман шығарылды», - дейді ведомстводан.


Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай