Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Сіздер мен үшін көп нәрсе жасаудасыздар - Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты

2020 жылдың 23 тамыз 2020 11:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Польшада «Димаш» радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз», - деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

Еске сала кетсек , әлемге танымал қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашқаны туралы жазған болатынбыз.

Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.


Жоғары қарай