Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«СҚ-Фармация» 2021 жылға қажет дәрі-дәрмек қорын сатып алып жатыр

2020 жылдың 23 қазан 2020 00:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде 2021 жылға арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынуда. Ол туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19 індетінің екінші толқынына қатысты айтар болсақ, біз әлемдегі және елдегі жағдайға күнделікті талдау жүргізіп, болжам жасап отырмыз. Соның негізінде бүгінде 2021 жылға қажетті дәрі-дәрмек қорын сатып алудамыз. Ал биылға жыл соңына дейін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Тағы бір ерекше айтып өтетін жайт, біздің алдымызға елдің «СҚ Фармацияға» деген сенімін қайтару міндеті қойылды. Осы орайда ұйым жанынан қоғамдық кеңес құрдық. Оның құрамында депутаттар, құзырлы орган өкілдері мен қоғам белсенділері бар. Одан бөлек, халық тарапынан келіп түскен сұрақтар мен өтініштерге күнделікті жауап береміз. Яғни, біз жұмысымыздың ашықтығын көрсету мақсатында қоғамдық бақылауға дайынбыз», - деді Е. Есқалиев.

Аталған ұйым басшысының мәлімдеуінше, республика бойынша дәрі-дәрмек қорын сақтайтын 4 хаб бар. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қаласында орналасқан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «СҚ-Фармация басшысы» Ерхат Есқалиев қазіргі таңдағы елдегі дәрі-дәрмек қорына қатысты мәліметті бөліскен болатын.

Жоғары қарай