Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО балабақшалары қалыпты жұмысын жалғастыруда

2020 жылдың 20 наурыз 2020 22:51

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мектепке дейінгі білім берумен 20 мың бала қамтылған. Бүгінде олардың 5 мыңнан астамы ғана балабақшаларға күнделікті барып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, өңірдегі балабақшалар мен шағын орталықтар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда ата-аналар балаларын өз қалауына қарай әкеле алады. Балабақшалардағы орындары сақталып қалмақ.

Мамандардың айтуынша, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне баратын бүлдіршіндердің саны бүгінде азайған. Дүйсенбі күні 8 мыңнан астам бала келсе, бүгін ата-аналар тек 5 427 бүлдіршінді әкелген. Бұл - барлық келуі тиіс баланың 27,5% ғана.

«Балабақшаларға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жұқпалы инфекцияның алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар қолға алынды. Міндетті түрде таңертеңгілік фильтр жүргізіледі. Бөлмелерді кварцтеп, ылғалды жуып-жию санын арттырдық. Барлық мекемелер дезинфекциялық құрал-жабдықпен толық қамтылды», - дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Райымбекова.

Бүгінде облыста 20 мыңға жуық балаға арналған 489 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді.


Жоғары қарай