Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 1 тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды

2020 жылдың 21 шілде 2020 23:49

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысын электрмен қамтушы компания 1 тамыздан бастап тарифті 12 % өсірмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СевКазЭнергоСбыт» ЖШС бұл қадамға амалсыздан барып отырғанын айтады. Өйткені кәсіпорын энергияның 1кВт/сағатын Жылу электр орталығынан бұған дейін 6,7 теңгеге сатып алып келсе, қазір жеткізуші компания тарифті 8,38 теңгеге көтеріп жіберген.

«Тарифті түзетін басқа да қызмет түрлері, жабдықтау құны өзгеріссіз қалды. Нәтижесінде жеке тұлғалар электр энергиясының 1кВт/сағатына бұрын қосымша құн салығынсыз 14,21 теңге төлесе, енді 12% қымбаттағаннан кейін 15,89 теңге төлейтін болады. Біздің есебіміз бойынша тұтынушылар түбіртек бойынша орта есеппен 200 теңге артық төлейтін болады», - дейді «СевКазЭнергоСбыт» ЖШС бас директоры Мағауия Сағындықов.

Энергетиктердің айтуынша, республика бойынша электр энергиясының орташа тарифі 1кВт/сағатына 17,81 теңге тұрады, бұл – СҚО-ның тарифінен 11,8% немесе 1,89 теңгеге қымбат.

Бүгінде кәсіпорынның 164 464 абоненті бар, оның 92 мыңнан астамы Петропавлда тұрады.


Жоғары қарай