Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да 14 маман «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды

2021 жылдың 14 желтоқсан 2021 22:33

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында өңірдің 14 тұрғыны «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚО филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атынан медальдарды өңірлік филиал төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов тапсырды. Өңір басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, Елбасы саясатының арқасында еліміз өзінің бірегей «қазақстандық жолымен» экономикалық өсім мен әлеуметтік әл-ауқатқа қол жеткізгенін атап өтті.

«30 жыл – тарих үшін қысқа мерзім. Бірақ осы кезеңде біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Ең бастысы – қанды көтерілістер мен қақтығыстарсыз. 22 жыл бойы «Nur Otan» партиясы Елбасы мен Мемлекет басшысы бастамаларының жолсерігі ретінде әрекет ете отырып, барлық ауқымды реформаларды іске асырды», - деді Құмар Ақсақалов.

Ол осы кезеңде партияның уақыт талабына сай болу үшін үнемі жаңарып отырғанын айтты. Атап айтқанда, «Nur Otan» пандемия кезінде белсенді партия мүшелері мен қоғамды праймериз арқылы біріктіре алды, партиялық тізімдерді, мәслихаттардағы фракциялар құрамын жаңартты. Әр облыс, қала және аудан үшін праймериз және сайлау науқаны кезінде халықтың өтініштерінен жиналған сайлауалды бағдарламалар жасалды. Сонымен қатар, партия мүшелері волонтерлер қозғалысын басқарып, мұқтаждарға азық-түлік пакеттерін жеткізді.




Марапатталғандардың арасында партия ардагерлері мен белсенділері, «Nur Otan» өңірлік және аумақтық филиалдарының қызметкерлері бар. Сонымен қатар, бірқатар белсенді нұротандық «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен, «Халық алғысы» медалімен және «Құрмет» грамоталармен марапатталды.








Жоғары қарай