Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 3,1 млн тонна бидай жиналды

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 18:58

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында енді бірер күнде егін орағы аяқталады, диқандар әр гектардан 10,6 центнерден өнім алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл жалпы 3 млн га алқапқа астық және дәнді-бұршақты дақылдар егілді. Соның ішінде 2,4 млн га – бидай, 1 млн га – майлы дақылдар, 344,8 мың га – жем-азық, 31,9 мың ға картоп және 6,2 га көкөністер. Бірер күнде егін орағы аяқталады.

«Қазіргі уақытта өңірдің шаруашылықтары 2,9 млн га аумақтан астық және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап алды. Бұл барлық жиналуы тиіс алқаптың 99,8 %-ы. 3,1 млн тонна бидай бастырылды, әр гектардан орта есеппен 10,6 центнерден өнім алынды», - дейді басқарманың бас маманы Нарғыз Ақжігітова.

Ал м айлы дақылдардың жартысына жуығы жиналды.

«Майлы дақылдар 520,3 мың га алқаптан жиналды, бұл 54,3 %-ы. Әр гектардан 6 центнерден өнім алынып жатыр. Аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдерінің жедел ақпараты бойынша 303,4 мың тонна картоп жиналды, гектар берекелілігі – 133,4 центнер, 55,7 мың тонна көкөніс алынды, әр гектардан 133,4 центнерден алынды», - дейді Нарғыз Ақжігітова.


Жоғары қарай