Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 6 ай бұрын жоғалған балықшының денесі табылды

2021 жылдың 10 мамыр 2021 22:13

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылдың қазан айында жоғалып кеткен 57 жастағы балықшының денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар балықшының денесін Пчелино ауылынан 11 км қашықтықта жтқан Чистое өзенінен тапқан. Ер адамның денесі қамыстардың арасынан табылды және ол сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, 2020 жылдың 31 қазанында балықшы өзінің немересімен бірге өзенге келген. Одан әрі ол қайықпен судың ортасына кетіп, қайтып оралмаған. Немересі өзен жағалауында демалып жүргендерден көмек сұраған. Кейінірек аударылып қалған қайық табылды. Балықшыны іздеу жұмыстары суға мұз қатқанға дейін жүргізілген. Мұз еріген соң іздеу жұмыстары қайта жалғасқан еді.


Жоғары қарай