Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 70 адамның ғана қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар

2021 жылдың 3 наурыз 2021 02:49

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызметтік қаруға қатысты заңдылықты бұзудың 10 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта СҚО-да қызметтік қаруды сақтауға және пайдалануға құқығы бар 70 заңды тұлға тіркелген. Күзетшілер, инкассаторлар мен басқа ұйымдардағы қызметкерлердің қарамағында 1299 қару бар. Іс-шара аясында осы қызметтік қарудың сақталуы тексеріледі. Жалпы операция басталғалы тәртіп сақшылары қызметкерлеріне қызметтік қару ұстау рұқсат етілген 62 нысанды тексерді.

« Заңды тұлғалардың қаруды ұстауға қатысты жауапкершілігін байқауға болады. Полицейлер жеке күзет кәсіпорындарының қызметін тұрақты негізде бақылайды, бұл қызметтік қаруды сақтау және алып жүру ережелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Дей тұрғанымен, операция басталғалы ереже бұзудың 10 дерегі анықталды. Яғни, қаруды дұрыс сақтамаған немесе тіркеу мерзімі өтіп кеткен. Барлық басшыларды қызметтік қару айналымы саласындағы заңдылықты қатаң сақтауға шақырамыз », - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов.


Жоғары қарай