Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 771 соғыс ардагері ішкі істер органдарында қызмет атқарған

2021 жылдың 8 мамыр 2021 05:47

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда 100 жастағы Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Никита Семенов полицияның жас офицерлерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңістің 76 жылдығы және Отан қорғаушылар күні қарсаңында департамент музейінде «Ерлік сабағы» өтті. Іс-шараға полицияның жиырма жас қызметкері қатысты.

Жас офицерлермен кездесуге Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Никита Герасимович Семенов, сондай-ақ тыл еңбеккерлері Владимир Терентьевич Ипполитов пен Валентина Ивановна Волкова келді. Олардың әрқайсысы соғыстың тауқыметін бастан кешірген және бейбіт өмірде ішкі істер органдарында қызмет еткен.

Майдангер Никита Семенов жиналғандармен өзінің естеліктерімен бөлісті. Соғыста Никита Герасимович мерген болған. Елге келгесін ол 20 жылдан астам уақыт милицияда еңбек етті.

Іс-шара барысында СҚО ПД мәдениет орталығы әскери тақырыптағы әндер шырқады. Шақырылған қонақтарға сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, Екінші дүниежүзілік соғысының солтүстікқазақстандық ардагерлері туралы фильмі көрсетілді.

Екінші дүниежүзілік соғысында болған 771 майдангер бейбіт өмір туысымен СҚО-ның ішкі істер органдарында еңбек етті. Бүгінде олардың екеуінің ғана көзі тірі. Ұлы Жеңістің 76 жылдығын Никита Герасимович Семенов пен Григорий Иванович Красильников атап өтеді. Мейрамда жылдағы дәстүр бойынша олардың әрқайсысын СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев өзі барып, құттықтайды.


Жоғары қарай