Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да 8 есірткі зертханасы жойылды

2022 жылдың 29 қаңтар 2022 19:45

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 8 есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаңтардың 24-і мен 27-сі аралығында өңірде «Өрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Мақсат – есірткі заттарының заңсыз айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністері саптық бөліністермен, учаскелік полиция инспекторларымен өзара тығыз іс-қимыл жасады.

Операцияның 4 күнінде 8 есірткі қылмысы анықталды, оның 2-уі сатуға қатысты. Қылмыскерлерден 250 грамм марихуана, 10 грамм синтетикалық есірткі алынды.

«Біздің басты міндетіміз – есірткі саудасын анықтау және сату арналарының жолын кесу. Қазіргі уақытта синтетикалық есірткімен күрес аса өзекті. Өткен жылы есірткі қылмысына қарсы қарқынды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде 197 факті анықталды, оның 59-ы сату бойынша. Заңсыз айналымнан 410 кг түрлі есірткі және психотроптық заттар алынды. 12 айдың ішінде қызметкерлер 8 есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты, оның төртеуі синтетикалық есірткі жасаумен айналысқан», - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев.


Жоғары қарай