Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да 80-ге жуық қайыршы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 30 қараша 2021 09:29

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 76 адам жұрттың мазасын алғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 қараша мен 1 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның мақсаты – адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу. Полицейлер адамдарды сатумен айналысуы және сексуалдық пайдалануы мүмкін деген нысандарды, сауналарды, көңіл-көтеру орындарын, фермерлік шаруашылықтарды тексеріп жатыр.

Петропавлдағы сауналардың бірінде жеңгетайлық фактісі анықталды, тағы бір сауна әкімшісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабымен, жеңгетайлықпен айналысып, үй-жайды ұсынғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары операция барысында «Қоғамдық орындарда тиісу» бабы бойынша 76 хаттама толтырды.

«Тиісу ұғымына қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыр сұрау, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру кіретінін еске саламыз. Қайыршылық та құқық бұзушылық болып есептеледі және оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу түріндегі жаза қарастырылған», - дейді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.



Жоғары қарай