Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да әлеуметтік желі арқылы діни материалдар таратқан тұрғын жазаланды

2020 жылдың 18 қараша 2020 14:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында діни мазмұндағы материалдарды әлеуметтік желі арқылы таратқан тұрғын 100 мың теңге шамасында айыппұл төлемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік соты М. деген азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады. Облыс орталығының тұрғыны «WhatsApp» мессенджеріндегі «Статус» арқылы ұялы телефонынан діни мазмұндағы материалдарды жариялап отырған.

Арнайы сараптама тағайындалып, материалдардың дін жайында екендігі дәлелденді.

«ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес діни кітаптарды, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды және діни бұйымдарды діни білім беру ұйымдарында, мешіт-шіркеулерде және жергілікті атқарушы органдар бекіткен, рұқсаты бар арнайы орындарда ғана таратуға болады.

«WhatsApp» мессенджерін көпшілік қолданады. Жауап беруші М. әлеуметтік желінің мүмкіндігін пайдаланып, басқалардың назарына діни мазмұндағы ақпаратты ұсынып отырған. Әкімшілік жауапқае тартылған ер адам сотта өзінің діни білімінің жоқ екендігін, діни қызмет жүргізуге сертификаттар мен рұқсат алмағанын, діни материалдарды таратуға заң бойынша тыйым барлығын білмегенін айтты. Петропавл қалалық мамандандырылған әкімшілік соты ер адамға 97 230 теңге айыппұл салды.


Жоғары қарай