Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да «Ashyq» қосымшасы карантин талабын бұзғандарды көрсетіп жатыр

2021 жылдың 22 мамыр 2021 19:59

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен ауыратын және ауырған адаммен байланыста болған 4 адам қоғамдық орындарға барып, «Ashyq» қосымшасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, COVID-19-ға ПТР тестінің оң нәтижесі бар әйел Петропавлдағы сауда орталықтарының біріне барған. Оның «қызыл» мәртебесін «Ashyq» қосымшасы көрсеткен. Жобаның жүйесі ауырған адаммен байланысты болған тағы бір адамды анықтауға көмектесті.

Карантин талабын бұзғандар жайында Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына хабарланды.

«Басқаларына қауіпті вирусты жұқтырмау үшін олар 14 күн бойы үй карантинінде отырулары қажет еді. Петропавл тұрғындары алғаш рет карантин талабын бұзып отыр. Сол себепті бұл жолы түсініктеме жазып, ескерту алды. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Егер де құқық бұзушылық қайталанатын болса, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

5АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді», - дейді Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы Күлтай Мұхамметова.

Ал ауырған адаммен байланыста болған ер адам карантин талабын бұзып, Петропавлдағы мейрамханалардың біріне барған.

Қазір облыс орталығында 56 нысан «Ashyq» жобасына қосылып, QR-код алды. Олардың ішінде кинотеатрлар, сауда үйлері, мәдениет нысандары, сауна, қоғамдық тамақтану, көңіл көтеру және оқу орындары бар.



Жоғары қарай