Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да асыл тұқымды мал шаруашылығында құтырма ауруы тіркелді

2021 жылдың 24 мамыр 2021 21:10

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы«Алабота» асыл тұқымды мал зауытында құтырмаға қатысты шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында СҚО Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің Аққұдық ауылында орналасқан «Племзавод Алабота» ЖШС мал фермасы аумағында шектеу шараларының енгізілгені айтылған.

Оған ірі қара малдың арасында құтырма ауруының анықталу себеп болған.

Серіктестік қазақтың ақбас сиыры, ангус, гольштейн тұқымды ірі қараны өсіріп, сатумен айналысады.

«Бұл шаруашылықта 395 бас ірі қара мал бар. 340-қа жуық жылқы ұстайды. Құтырма ауруының таралуына жол бермей, алдын алмаса, зардабы өте үлкен. Ол алдымен адамға қауіпті. Сондай-ақ малдың жаппай қырылуына әкеліп соғады», - дейді СҚО ветеринария басқармасының бас маманы Нариман Тасболатов.

Мамандардың айтуынша, асыл тұқымды мал зауытында бір сиырдан құтырма анықталған.

Жалпы қазір өңірде құтырма ауруының 10 ошағы бар.

Оның біреуінен, яғни Тимирязев ауданы Докучаев ауылдық округінің Докучаев ауылындағы «Атамекен-Агро-Тимирязево» ЖШС кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылды.

Бұған дейін ауыл итінің құтырма ауруын жұқтырғанын айтқан едік.


Жоғары қарай