Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

СҚО-да ауруханалардың бірінде ем алып жатқан сырқат бесінші қабаттан секіріп кетті

2019 жылдың 18 қазан 2019 15:46

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облыстық фтизиопульмонологиялық орталықта ем алып жатқан ер адам бесінші қабаттан секіріп кетіп, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қаза тапқан ер адам 40 жаста болған. Ол 10 қазан күні облыстық фтизиопульмонологиялық орталықтың хирургия бөлімшесіне диагностика жасау мақсатында жатқызылған. Емдеу мекемесіне түскенге дейін ер адам екі апта бойы тоқтаусыз спирттік ішімдік ішкен екен. 14 қазан күні сырқаттың «маскүнем елірмесі» қозып, сандырақтай бастаған. Ал таңғы сағат 04:00 шамасында тубдиспансердің бесінші қабатынан секіріп кеткен.

«Сырқат тілге келместен сол жерде жан тапсырды. Дәрігердің тағайындауынсыз ешқандай дәрі-дәрмек қабылдаған жоқ. Препараттардың есебін жүргіздік. Өз-өзіне қол жұмсауының басты себебі – маскүнемдік болуы мүмкін. Әрі марқұмның үйі-күйі болмаған», - дейді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев.

Жоғары қарай