Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да бақташының үйінен есірткі мен аңшы мылтығы табылған

2020 жылдың 17 қараша 2020 01:02

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 61 жастағы бақташы кептірілген қарасораны және аңшы мылтығын үйінде сақтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аудандық және қалалық учаскелік полиция инспекторлары тұрғылықты жерлері бойынша барлық есепте тұрған тұлғаларды тексеруді жоспарлаған.

Осындай рейдтердің бірінде Тайынша ауданы полиция бөлімі Келлеровканың учаскелік полиция инспекторы Виктор Пшеничный және Тайынша ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі Олжас Балтабай Липовка ауылына барады. Бұрын есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылған, полицияның есебінде тұрған ер адамды тексерген. 61 жастағы бақташының үйінен екі түйіншек, үш сіріңке қорабы, өсімдік сабақтары, жарты стакан ерекше иісі бар өсімдік заты, сондай-ақ ысталған пластик бөтелке табылды. Сондай-ақ, ол «ИЖ-27» маркалы аңшы мылтығын және 16 калибрлі патрондарды заңсыз сақтап келген.

«Ер адам жақында Липовка елді мекенінде бақташы болып жұмысқа орналасқан. Жабайы қарасораны өзі пайдалану үшін жинап, кептіріпті. Есірткі заты мен мылтық алынып, сот-химиялық, баллистикалық сараптамаларға жіберілді. Тергеу жүргізілуде», - деді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов.

Жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 400 кг астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның 350 кг астамы марихуана, 1кг 690 г -синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 г - героин.

Ал «Учаске» іс-шарасы аясында полицейлер 180 мыңнан астам тексеріс жүргізіп, 9 мыңнан астам түрлі құқық бұзушылықты анықтады.


Жоғары қарай