Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да бала-шағасымен көл басына демалуға барған екі ер адам суға кетті

2020 жылдың 5 тамыз 2020 22:51

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Каменное көлінде екі жолдас жігіт суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамыз күні сағат 8.20 шамасында Қызылжар ауданындағы Желяково елдімекенінен 6 шақырымдай жерде орналасқан Каменное көлінде 43 және 40 жастағы екі адамның суға батып кеткендігі туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел құтқару қызметі шықты. Қызылжар аудандық төтенше жайдайлар бөлімінің қызметкерлері жетті.

3 тамыз күні көл басына қона жатып демалуға екі отбасы Петропавлдан келген. 4 тамыз күні таңертең 40 жастағы ер адам 9 жасар қызымен суға шомылмақ болады. Алайда шамасын дұрыс бағаламаған ол біраздан кейін бата бастаған.

«Ер адам көмекке шақырып, айқайлаған. Батып бара жатып ол қызын жағаға қарай итеріп үлгерген. Суға кеткен жолдасын құтқармақ болып көлге 1977 жылы туған ер адам түскен. Алайда ол да белгісіз жағдайда суға кетті», - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.

Құтқарушылар екі ер адамның денесін судан шығарып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Мамандардың айтуынша, әзірге олардың ішімдік ішкен-ішпегені белгісіз.

Каменное көліне суға шомылуға тыйым салынған. Онда тек балық аулауға ғана рұқсат бар.

Жалпы СҚО аумағында 4 тамыз күні 22 оқыс оқиға тіркелді. Салдарынан 3 адам қаза тапты, соның ішінде екі адам суға кетсе, біреуі өрт кезінде мерт болған.



Жоғары қарай