Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да барлық бағыттағы автомобиль жолдары жабық

2021 жылдың 23 ақпан 2021 13:19

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қатты боранға байланысты барлық бағыттар бойынша автожолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, боранның күшеюіне байланысты бүгін сағат 11.30 бастап автокөліктің барлық түрлері үшін республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды.

ТЖД көлік жүргізушілерін елді мекендерден ұзап шығудың қауіпті екенін ескертеді.

Бүгін қатты аязға байланысты СҚО-да 0-4 сынып оқушылары мектепке барған жоқ.

Бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі республика бойынша жабылған жол учаскелері туралы мәлімет берген болатын. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан шығатын барлық автожол жабылды.


Жоғары қарай