Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да бір аптада Covid-19 инфекциясын жұқтыру 2 есеге төмендеді

2021 жылдың 11 маусым 2021 19:31

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирусты жұқтырудың 21 жағдайы тіркелді. Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып, ауырғандар саны бір аптада екі есе азайып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, осы аптаның 4 күнінде өңірде КВИ-дың 62 жағдайы тіркелді. Бұл - өткен аптаның осы кезеңімен салыстырғанда 2 есеге төмен.

Барлық жағдайлардың 88 %-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталды. Санитар дәрігерлердің айтуынша, бұл емделушілерді емдеуші дәрігерлер мен жедел медициналық көмек бригадалары мұқият тексергендігінің белгісі. Нәтижесінде адамдарда коронавирустың белгілері уақтылы анықталады. Бұл тәсіл емдеуді дер кезінде тағайындау мен науқасты қоғамнан оқшаулауға мүмкіндік береді.

Соңғы тәулікте СҚО-да коронавирустық инфекцияның 21 жаңа жағдайы тіркелді, оның 18-інде сырқаттар дәрігерге ауырып көрінген.

Пандемия басталғаннан бері өңірде коронавируспен 15 мыңға жуық адам ауырған. Олардың басым көпшілігі – жұмыс істейтін халық, яғни 33 %-ы, зейнеткерлер – 28 %, жұмыс істемейтіндер – 16 %.

Сондай-ақ инфекцияны көбінесе – 30 %-ын 60 жастан асқан адамдар жұқтырады, 50-59 жас аралығындағылардың үлесі – 18 %, 14 жасқа дейінгі балалар – 9 %-ды құрайды.


Жоғары қарай