Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да бір тоннадан астам Артемия салина шаянын ұрлағандар ұсталды

2020 жылдың 18 қазан 2020 03:21

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер тұзды көлдер 1 тоннаға жуық Артемия салина шаянын заңсыз шығармақ болғандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға көлден Артемия салина шаянының ұрланғаны жөнінде көл иесі хабарлаған. Меңгесер ауылының маңындағы көлге барған Мамлют аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері шаян жинап жатқан Бескөл ауылының төрт тұрғыны мен петропавлдықты ұстады. Олардан Артемия салинаның 33 қабы тәркіленді. Тағы үш қабы жақын маңдағы ауылдағы үйден алынды.

«Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы бір тонна 347 келіні құрады. Шығын мөлшері миллион теңгеден асты», - деді Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжанов.


Жоғары қарай