Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да «Birgemiz» қорынан 24 мыңға жуық тұрғын 1,2 млрд теңгенің көмегін алды

2021 жылдың 13 мамыр 2021 17:27

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда «Nur Otan» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының XXIX есеп беру-сайлау конференциясының делегаттары Саяси кеңестің 2019-2020 жылдары атқарған жұмысы туралы есебін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, конференцияға өңірлік филиал төрағасы, СҚО әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

Қазір СҚО-да партияның 28,5 мыңнан астам мүшесі бар, ол 246 бастауыш партия ұйымына біріктірілген.

XXIX есеп беру-сайлау конференциясында өткен екі жылдағы басты партиялық оқиғаларға басымдық берілді.

«Партия коронавирустың алғашқы толқыны кезінде халықты қолдады.

Өңірдің 23 761 тұрғынына «Birgemiz» қорынан 1 млрд 188 млн теңгеден астам қаржы аударылды. «Jas Otan» волонтерлері белсенділердің қолдауымен 3 мыңнан астам отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді. Қоғамдық қабылдау бөлмелерге 14 мыңнан астам өтініш түсті, олардың 37 %-ы оң шешімін тапты. Өтініштердің басым бөлігі - 1895-і тұрғын үй- коммуналдық салаға, 1289-ы -әлеуметтік қамсыздандырға және тұрғын үй және жер учаскелерін бөлуге, жұмысқа орналастыру және еңбек даулары бойынша болды.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында 1 900-ден астам іс-шара өткізілді», - дейді «Nur Otan» партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Әсем Рахметова.




Партия филиалы кадрлық резервті қалыптастыру, жастарды қолдау бойынша жұмыс жүргізді. Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің қызметі жандандырылды.

Мысалы, 2019 және 2020 жылдары Партиялық бақылау комиссиялары партия Жарғысын сақтамағаны үшін 29 партия мүшесін жауапқа тартты, 7 адам ескерту және 5 адам сөгіс алды, 2 адам Жарғыны сақтамағаны үшін, 15 адам сыбайлас жемқорлық үшін партиядан шығарылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестер жұмысының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін партиядан 18 адам шығарылды, партияның 29 мүшесі партиялық жауапкершілікке тартылды.

Партияның аймақтық филиалының төрағасы Құмар Ақсақаловтың айтуынша, «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлау алдындағы бағдарламалардың орындалуын бақылау - жұмыстағы негізгі басымдық болып қалмақ.

«12 қоғамдық кеңес бар. Өңірде бес жыл ішінде серпінді инвестициялық жобаларды іске асыру көзделген. Ол үшін республикалық бюджеттен 500 млрд теңгеден астам қаражат бағытталады. Бұған дейін өңір ешқашан мұндай ақшаны алған емес. Тиісінше, бұл қаражатқа қатаң бақылау қажет. Сайлауалды бағдарлама аясында жасалып жатқан істердің барлығы халықтың игілігіне бағытталған», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Конференция делегаттары «Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының жаңа құрамын сайлады.








Жоғары қарай