Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да дәрігерлер өкпесінің 90% зақымданған әйелді аман-есен босандырып алды

2020 жылдың 3 тамыз 2020 16:24

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер өкпесі қабынып, ауыр халде түскен жүкті әйелді аман-есен босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО көпсалалы ауруханасының бас дәрігері Юрий Белоног осы оңды оқиға жайында әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарымен бөлісті. Оның пікірінше, бұл – реаниматологтар мен акушер-гинекологтардың үлкен жеңісі.

«Сырқат бізге 1 қалалық ауруханадан түсті. Коронавирустың салдарынан екі өкпесі де қабынған әйелді операция арқылы босандырып алу керек болды.

Кесарь тілігі жасалып, операция нәтижесінде аман-есен босанды. Алайда сырқаттың жағдайы көпке дейін аса ауыр болды. Ол 23 тәулік бойы өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Компьютерлік томография оның

өкпесінің 90% зақымданғанын көрсетті. Қазір жағдайы жақсарып келеді.

Үйіне шығуға, жаңа туған сәбиімен, туған-туыстарымен кездесуге дайындалып жатыр», - деп жазды Юрий Белоног.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл тұрғыны ұл босанды. Сәбиден қауіпті вирус анықталған жоқ.


Жоғары қарай