Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да екі қорықшы заңсыз марал атып, ұсталды

2021 жылдың 1 қазан 2021 11:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қорық аумағында заңсыз аң аулағандар ұсталды, олардың екеуі де қорықшы болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Есіл ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен бірге рейд барысында «Красный бор» КММ аумағындағы орманда тіркемесі бар «Нива» көлігін байқаған. Рульде 69 жастағы жергілікті тұрғын, қасында Тайынша ауданының 24 жастағы тұрғыны болған. Тексеру кезінде полицейлер тіркемеден ет салынған полиэтилен пакеттерді тапты.

«Заңсыз аңшылыққа қатысы бар екі күдікті анықталды: «Нива» жолаушысы мен Тайынша ауданының 32 жастағы тағы бір тұрғыны болған, ол оқиға орнынан ертерек кетіп қалған. Тайыншалық екі күдікті де қорықшы болып жұмыс істейді. Олар маралды атқан және бөлшектеген орынды көрсетті, аң аулауға рұқсат құжаттары болмаған. Бұдан кейін олар Есіл ауданының тұрғынынан етті алып кетуді өтінген», - дейді Есіл аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Аталған факті «Заңсыз аңшылық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мүшеленген ет алынып, сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ күдіктілердің біріне тиесілі калибрі 5,56 мм «Вепрь» карабині, аңшылық жабдықтар алынды. Күдіктінің екеуі де қамауға алынды.




«Бұл жыл басынан СҚО-да тіркелген заңсыз аң аулаудың он бірінші фактісі. Табиғатты қорғау полициясы аңшы және орман шаруашылықтарының мамандарымен бірлесіп, ұдайы рейдтер өткізіп тұрады. Қылмыстық кодекске сәйкес заңсыз аңшылық үшін ірі көлемдегі айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске саламыз. Облыс тұрғындары мен қонақтарынан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.


Жоғары қарай