Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да хабарсыз кеткен 24 жастағы жігітке іздеу жарияланды

2022 жылдың 27 мамыр 2022 17:22

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында шамамен екі апта бұрын үйінен кетіп, оралмаған Анатолий Зарва табылмай жатыр. Бүгін 24 жастағы жігітті іздеу үшін ауылдастары полицияға көмекке келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл волонтерлерінің мәліметінше, Анатолий Зарва Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының тұрғыны. 1997 жылы туған жігіт 15 мамыр күні Литвинов, 4 көшесіндегі үйінен шығып, содан қайтып оралмаған.

Хабарсыз кеткен ауылдастарын іздеу үшін бүгін Саумалкөл елді-мекенінің тұрғындары жиналып, полицияға көмектесті. Алайда, әзірге нәтиже жоқ.

Анатолий Зарваның бойы 190-192 см шамасында, шымыр денелі, шашы сұрғылт түсті, қысқа қиылған.

Сол күні үстінде қара-көк күртеше, қою жасыл футболка, көк джинсы шалбар және қара аяқ киім болған.

Жігіт жайында қандай да бір хабары барлар 8 777 307 99 65, 8 926 626 64 33 немесе 102 нөміріне қоңырау шала алады.

Естеріңізге салайық, 8 мамыр күні Тайынша ауданының 57 жастағы тұрғыны Сергей Багинский жоғалған еді. Ер адам әлі күнге табылған жоқ.
Жоғары қарай