Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да инфекциялық стационарлардағы сырқат саны соңғы он күнде 10 пайызға артты

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 15:28

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 143 жағдайы тіркелді. Қаңтар айынан бастап инфекциялық стационарларға бір тәулікте жатқызылатын сырқаттар саны 10 %-ға артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 қаңтар күні облыста 1100 адам ПТР-тест тапсырса, соның 143-інде нәтиже оң болды. Қазір инфекциялық стационарлардағы 1300 орынның 238-інде сырқаттар жатыр, тағы 21-і жансақтау бөліміне орналастырылған. 11-інің халі ауыр, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Сондай-ақ 900-ге жуық адам дәрігерлердің бақылауына алынып, амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Жалпы пандемия басталғалы 35 660 адам коронавирус жұқтырды, 33 246-сы тәуір болғандардың қатарына қосылды. Ал қайтыс болғандар саны 457-ге жетті.

«Қараша айының ортасынан бастап, желтоқсан айының соңына дейін өңірде эпидахуал тұрақтанып, КВИ жұқтырушылар саны азайды. Нәтижесінде инфекциялық стационарлардағы орын санын қысқарттық. Облыс бойынша емдеу мекемелерінде 160 сырқат қалып, стационарлар 12 %-ға ғана жүктелді. Ал 10 қаңтардан бастап аурушаңдық күрт артты. КВИ жұқтырғандар саны күннен-күнге артып келеді. Өткен аптада инфекциялық стационарларда жатқандар саны 160 адамнан 221-ге дейін көбейді. Бұған дейін стационарларға тәулігіне 25 сырқатқа дейін жатқызсақ, қазір 28 адамға дейін қабылдаймыз», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов.

Бұған дейін амбулаторлық сырқаттардың көбеюіне байланысты мобильді бригалардың саны 54-тен 88-ге дейін арттырылғанын айтқан едік. Қазір бір бригада күніне 12 шақыртуға дейін барады.

Сондай-ақ мамандар коронавирустың жаңа толқынына әзірлік жайында баяндап берді.


Жоғары қарай