Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

СҚО-да қар құрсауынан жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік шығарылды

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 18:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте қар құрсауынан жолаушылар автобусы мен екі жеңіл автокөлік шығарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыста 288 учаскі қар құрсауына түскен. Боран кезінде кептелу қаупі өте жоғары. Облыс тұрғындарына қолайсыз ауа-райы туралы алдын-ала ескертілуде. Жыл басынан бері мұндай хабарламалар күн сайын келіп жатыр.

5 қаңтарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Бірақ адамдар соған қарамастан елді мекендерден тыс жерлерге шыққан.




ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, түнде «Петропавл-Қостанай» жолаушылар автобусы қар құрсауында қалған. Ол Шалақын ауданының Сергеевка ауданы орталығынан 3 шақырым жерде 16 жолаушысымен тұрып қалған. Автобусты тазаланған жолға «Кировец» техникасының көмегімен шығаруға тура келді.

Сол уақытта Тимирязев ауданында Ынтымақ ауылынан 7 шақырым жерде, «Дмитриевка-Жаркен» автожолында құтқарушылар бес жолаушысы бар екі жеңіл автокөлікті қар құрсауынан шығарып алған.


Жоғары қарай