Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы 5 жылға сотталды

2021 жылдың 31 мамыр 2021 18:50

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы 500 мың теңге парамен ұсталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жетекшісі Жарқын Ғалымовтың айтуынша, көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Р.Б.Мағзұмов кәсіпкерлердің бірінен облыс аумағында оның жүк көліктері еш кедергісіз жүруі үшін және жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге пара алған.

Оқиға былтыр шілде айында болған. Мағзұмовқа облыс кәсіпкерлерінің бірі келіп, бес жүк көлігінің облыста кедергісіз жүруіне көмектесуін сұраған. Шенеунік бұл қызметін 500 мың теңгеге бағалапты. Екі күннен кейін, яғни 29 шілдеде Мағзұмов пара алып жатқан жерінде ұсталды.

Биыл 19 наурызда Петропавл қалалық соты экс-бөлім басшысын кінәлі деп тауып, 5 жылға соттады. 11 мамыр күні СҚО сотының қылмыстық істер бойынша сот алқасы қалалық соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Былтыр 28 мамырда көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Ж.Мұқанов 1,5 млн теңге пара алып ұсталған еді.

Осыған байланысты СҚО көліктік бақылау инспекциясының басшысы Р.Сейталин тәртіптік жауапкершілікке тартылып, сөгіс алды. Ал оның орынбасары А.Марковке қатысты кадр қызметі департаменті қызметтік тергеуді бастады.


Жоғары қарай