Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да құс фабрикасы өз өнімдері арқылы жұртты санитарлық талаптарды сақтауға шақырып жатыр

2020 жылдың 24 шілде 2020 11:08

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы құс фабрикасы #3жаңадағды челленджіне қатысып, тұрғындарды санитарлық талаптарды орындауға шақырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

#3жаңадағды челленджі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бастамасы. СҚО-да акцияны алғашқылардың бірі болып «Фирма Алекри» ЖШС қолдады. Олар жұмыртқа қаптамаларына халықты маска тағуға, әлеуметтік ара қашықтықты сақтауға және қолды жиі жуып тұруға шақырған жапсырмаларды жапсырып, саудаға шығарды. Өнім облыс орталығындағы сауда орындарында сатылып жатыр.





«Бүгінде қоғам да, бизнес те қиын жағдайды бастан кешіріп жатыр. Жағдай тезірек түзеліп, бұрынғы үйреншікті өмір салтына оралу үшін әрқайсымыз үлес қосуымыз керек. Ал ол үшін барлығымыз санитарлық нормаларды сақтағанымыз жөн. Ол үшін қоғамдық орындарда масканы тастамай, әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, қолды жиі жуып тұру қажет. Бұл талаптарды еске салатын жапсырмалар құс фабрикасының өнімдерінде пайда болды. Олар біздің ұсынысымызды бірінші блып қабыл алды», - дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Арман Оразғұлов.

«Алекри» құс фабрикасы – өңірдегі жұмыртқа шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Жылына 150 млн жұмыртқа және 300 мың тонна құс етін шығарады. Бұдан басқа оның негізінде егіншілік кешен, сауда жабдығы өндірісі, көлік цехы және шағын наубайхана жұмыс істейді.

«Біз қашанда саламатты өмір салтын қолдаймыз. Қазір денсаулық бірінші орынға шыққанда әрине профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Бұл дағдылар біздің өмірімізде қалыптасқан жағдайда ғана вирусты жеңеміз. Сондықтан барлығын осы бір қиын емес санитарлық талаптарды сақтауға шақырамын», - дейді құс фабрикасының директоры Александр Прядко.

Құс фабрикасы жаңашылдыққа жақын. Былтыр Президент сайлауы қарсаңында кәсіпорынның жұмыртқаларында сайлауға шақырған жазу пайда болған еді.





Жоғары қарай