Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.42
EUR 417.41
RUB 6.09
CNY 54.54

СҚО-да нан қымбаттамас үшін шаруашылықта наубайханаларды іске қосу керек - әкім

2019 жылдың 13 қараша 2019 13:34

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан ұнның бағасы 23,2% өссе, нан 18,4% қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл күзде елімізде бидай екінші рет қымбаттады. «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы қыркүйек айында 3 класты бидайдың тоннасын сапасына қарай 76 мың теңгеге дейін алса, қазір астықтың бір тоннасына 85 мың теңге беріп отыр.

Бұл нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің бағасына әсер етпей қоймасы анық. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл ұнның бағасы 23,2% өссе, нан 18,4% қымбаттады. Ұннан пісірілетін кондитерлік өнімдерінің бағасы - 6,6%, макарон өнімдерінікі - 6,4% артқан.

СҚО әкімдігінің отырысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов нан бағасын бір қалыпта ұстау үшін елді мекендердегі шаруашылықтарда наубайханалардың жұмысын жандандыруға кеңес берді.

«Әр шаруашылықта бұрын наубайхана болатын. Қондырғылар қалуы тиіс, ұн жеткілікті. Нан арзан болуы үшін қайта іске қосу керек. Алысқа тасымалдаудың қажеті болмағандықтан шығын азаяды, нанның да бағасы төмен болады. Бидай бағасы қымбаттап жатыр. Астықтың тоннасы қазір 87 мың теңгеден сатылып жатыр. Былтыр оның құны ең көп дегенде 50 мың теңге болды», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Жоғары қарай