Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да он күнде бес егіз дүниеге келді

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 16:41

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында соңғы он күнде бес егіз бала дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін облыстық перинаталдық орталықта егіз бала дүниеге келді. Мерзімінен бұрын туғанымен шақалақтардың да, анасының да жағдайлары жақсы.

Жалпы биыл 4 қаңтардан бастап облыста осымен бесінші егіз дүниеге келіп отыр. Қалған жағдайларда жүкті келіншектер айы-күні жетіп, өмірге дені сау нәрестелерін әкелді.

«Бала туу көрсеткіші төмен өңірлердің бірі саналатын біздің облыс үшін бұл – қуанышты жағдай. Демографиямыз жақсарады. 2020 жылы өмірге 68 егіз, 1 үшем келген. Былтыр 58 егіз және бір үшем туды. Биыл бүгінге дейін 143 сәби дүние есігін ашса, соның оны егіздер. Аналардың да, балаларының да жағдайлары жақсы, алды үйлеріне шығарылды», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.

Бұған дейін СҚО-да президенттік «Аңсаған сәби» бағдарламасымен тұңғыш сәбидің дүниеге келгенін айтқан едік. Нәрестеге ата-анасы Ясмин есімін берді.



Жоғары қарай