Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да полицейлер 4 күннің ішінде тұрмысы нашар 400 отбасын тексерді

2021 жылдың 3 наурыз 2021 12:59

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер тұрмысы нашар 400 отбасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы қалалық полиция бөлімшесіне апалы-сіңлілі екеу келген. Олардың бірі тиісті құжаттарды толтыру үшін, екіншісі оған серік болып келген. Тәртіп сақшыларымен әңгіме барысында келіншектер жылап, мән-жайды айтып берген.

36 жастағы әйел бірге тұратын ер адаммен ұрсысып, далада қалған. Ал ол 5 айлық сәбиді ауылға алып кеткен. Әйел не тұратын жерінің, не жұмысының жоқтығын айтып шағымданған.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері қиын жағдайға душар болған келіншекке көмектеспек болды. «Аналар үйімен» келісіп, орналастырып, келесі күні ер адамның рұқсатымен сәбиін әкеліп берді. Әйел «Аналар үйінде» екі апта тұрып, жұмысқа орналасты, жалға баспана алды. Алайда ол көп ұзамай арақ ішіп, бірге тұратын ер адам баланы қайта ауылға әкетті. Енді бұл жұп полицейлердің бақылауында.

26 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасының мақсаты осындай отбасыларды назарда ұстап, қылмыстың жасалуына жол бермеу.

«Операция барысында бізде есепте тұрған 4 мыңнан астам адам тұрғылықты мекен жайлары бойынша тексерілді. Олардың шамамен 2,5 мыңы – маскүнемдер. 507-сі нашақор болса, 410-ы тұрмысы нашар отбасы. Осы аралықта 651 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Ең көбі – қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде жүру», - дейді СҚО ЖПҚБ бастығы Айдын Байматов.





Жоғары қарай