Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да полицейлер COVID-19-ға қарсы вакцина алып жатыр

2021 жылдың 5 наурыз 2021 13:20

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер коронавирусына қарсы екпе алуды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары COVID-19-ға қарсы «Спутник V» вакцинасын «Денсаулық» жекеменшік коммерциялық емес мекемесінде және аудандық орталық ауруханаларда алып жатыр.

Бүгін емханаға кезең-кезеңмен 40 тәртіп сақшысы келіп, екпе алды. Олар облыстық және қалалық ведомствоның қызметкерлері. Солардың бірі - «102» пультінің операторы, полиция сержанты Ирина Рамазанова. Айтуынша, вакцинадан кейінгі жағдайы жақсы. Екпені алу арқылы ең алдымен жақындарын, туыстарын қауіпті инфекциядан қорғамақ.




СҚО ПД медициналық бөлімнің жетекшісі Сергей Федоровтың айтуынша, өздігінен вакцина алғысы келетін қызметкерлердің тізімі жасалды. Бүгін облыс орталығында бірінші күні 40 адамға екпе егілді. Қалған күндерге де сонша адамнан жоспарланған.

Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев науқан басталған кезде басқаларға үлгі көрсетіп ең бірінші болып вакцина алды.

«Вакцинация керек. Екпе алу арқылы денсаулық сақтау саласына қауіпті инфекциямен күресуге көмектесеміз, оның әрі қарай таралуына тосқауыл қоямыз.

Әр қызметкер өзі үшін дұрыс шешім қабылдауы қажет», - дейді Марат Төлебаев.

Полицейлер де дәрігерлер сияқты КВИ-мен күресте алдыңғы шепте жүрген мамандардың бірі. Олар қоғамдық орындарда, жолдарда тәртіпті қадағалайды.

Осы уақытқа дейін 3 мыңнан астам тәртіп сақшысы ПТР тест тапсырған.


Жоғары қарай