Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да шенеунік 500 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды

2020 жылдың 30 шілде 2020 16:35

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» РММ-нің бір бөлім басшысы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп, қазір тергеу жүріп жатыр.

Күдікті кәсіпкерлердің бірінен қомақты соманы облыс аумағында оның жүк көліктерінің кедергісіз жүруі және кәсіпкерлік қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін алған деген күмән бар. Кәсіпкерге қатысты да пара беру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.





Жоғары қарай