Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да шетелден коронавирус жұқтырып келген азаматтарды тіркеп жатыр

2021 жылдың 19 мамыр 2021 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған шете азаматтарын тіркеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПТР-дің оң нәтижелері негізінен Ресей Федерациясынан келген азаматтар көп анықталып отыр.

Осы ретте биылғы жылдың 16 мамырында Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы шекаралық бақылау бекеттері арқылы 725 адам өткенін айта кету керек.

Соның ішінде жаяу жолаушылардың 354-де ПТР-талдаудың теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз келген 21 Қазақстан азаматы карантиндік стационарларға орналастырылып, олардан COVID-19-ға ПТР-талдау жасау үшін тиісті анализдер алынды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 72 сағаттан ерте емес ПТР әдісімен іріктелген COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтамасы болмағандықтан, 4 шетел азаматына СҚО-ның аумағына кіруге тыйым салынды.

Айта кетейік, Ресей Федерациясымен шекаралас автомобиль жолдарындағы ҰҚК-нің шекаралық бақылау бекеттері арқылы 2020 жылғы 6 қазан мен 2021 жылғы 16 мамыр аралығында 128 166 адам өткен. Соның ішінде 51017 жаяу жолаушының ПТР-тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтамалары болса, 4 098 қазақстандық өңірге анықтамасыз келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының барлығы COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтуі үшін карантиндік стационарларға орналастырылды.

Жоғарыда аталған мерзім ішінде ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар 280 адам анықталды. 35 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 245 адам амбулаториялық ем қабылдау үшін карантинге жіберілді.

Сонымен қатар, 747 шетелдік азаматқа COVID-19 ПТР тестілеу туралы анықтаманың болмауына байланысты Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.


Жоғары қарай