Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да сот орындаушылары 200 млн теңгеден астам жалақы берешегін өндірді

2020 жылдың 30 қыркүйек 2020 15:48

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары астық компаниясынан жалақы бойынша 200 млн теңгеден астам қарызды өндіріп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысының сот орындаушылары 15-29 қыркүйек аралығында өткізілген акция аясында ұзақ уақыт бойы өздеріне тиесілі қарызын алмаған 450 қызметкердің пайдасына 210 703 689 теңге көлемінде жалақы бойынша қарыздарын өндіріп алған.

«Атқарушылық іс жүргізу бойынша берешек Солтүстік Қазақстан облысының астық өндіру және сату нарығында жұмыс істейтін «Қазэкспортастық« компаниялар тобының егіс және егін жинау қызметі кезеңінде қалыптасқан. Осылайша, жұмыс берушілер өз қызметкерлерімен заңды тұлғалардың шоттарына түскен, есептен шығарылған және өндіріп алушыларға аударылған қаражатты толығымен төледі», делінген хабарламада.

Жыл басынан бері облыстың сот орындаушылары аталған санаттағы 2000 атқарушылық іс жүргізу бойынша 700 млн теңгеден астам қаржы өндірген.


Жоғары қарай