Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да су қоймаларына тұқы балығының бір млн шабағы жіберілмек

2021 жылдың 29 қыркүйек 2021 18:49

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл және Сергеев су қоймаларын балықтандырудың күзгі жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл күзде Петропавл және Сергеев су қоймаларына тұқы балығының 1 млн дана шабағы жіберілмек. Маусым айынан қыркүйекке дейін жасанды көлдерде өсірілген олардың ең кішкентайының салмағы шамамен 12 грамм. Мамандар шабақтардың дұрыс жетілуі үшін күнделікті суды тазартып, тамақтандырып, оттегі көлемін назарда ұстап отырды. Енді төрт ай жұмыстың нәтижесі – балықтар өңірдің екі су қоймасына жіберілмек.

Маманның айтуынша, бір шелекте шамамен 700-ден астам шабақ болады. Ал әрқайсысының орташа салмағы комиссия мүшелерінің қатысуымен, арнайы өлшеу әдісімен анықталады.

«Комиссия шабақтың техникалық сипаттамаға сәйкестігін анықтайды, әрқайсысының салмағы 12 грамнан кем болмауы тиіс. Бүгінгі көрсеткіші жақсы, тиісті мөлшерден жоғары болды. Алдымен Сергеев су қоймасын балықтандырамыз. Биыл күзде оған тұқы шабағының 579 150 данасы жіберілмек», - дейді Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» РММ басшысының орынбасары Марат Есімсейітов.

Су қоймаларын балықтандыру жұмыстары шамамен 10 күнге жалғаспақ.











Жоғары қарай