Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да тағы бір аудан орталығында карантин шектеулері күшейтілді

2020 жылдың 27 қазан 2020 17:21

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Казанское ауылынан карантин алынса, Уәлиханов ауданының орталығы Кішкенекөлде шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл елдімекенінде соңғы екі аптада 10 адамда коронавирус анықталған. Осыған орай ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысымен 24 қазаннан Кішкенекөлде шектеу шаралары күшейтілді.

Ал Ақжар ауданындағы Казанское елдімекенінен карантин алынды. Казанское ауылында қауіпті инфекцияны жұқтырудың 5 жағдайы тіркеліп, 12 қазаннан бастап екі аптаға жабылған еді. Осы аудандағы Ленинградское елдімекенінде 12 қазаннан карантиндік шектеулер күшейтілген. Мұнда 4 науқас анықталған еді.

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда Булаев қаласы 24 жағдаймен, Мамлютка қаласы 20 жағдаймен 9 қазаннан, Есіл ауданы Явленка елдімекені 19 науқастың анықталуымен 11 қазаннан, сол аудандағы Чириковка ауылы 7 науқастың тіркелуімен 17 қазаннан карантинде.

Бұл тізімде Тайынша ауданының екі елдімекені – 1 жағдаймен Киров және 4 жағдаймен Чермошнянка ауылдары да жүр. Шал ақын ауданындағы Повозочное елдімекенінен де 14 қазаннан бері карантин алынған жоқ. Мұнда коронавирус жұқтырған 3 адам бар.

Жалпы СҚО-да КВИ жұқтырудың 4375 дерегі тіркелді. Өткен тәулікте ауырған 11 адам анықталды. Сырқаттанғандардың дені – шекара асып келгендер.


Жоғары қарай