Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

СҚО-да тергеуші 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді

2020 жылдың 20 ақпан 2020 14:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - СҚО тергеушісі онсыз да тоқтап тұрған қылмыстық істі желеу етіп, 2 миллион теңге пара алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі СҚО полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі қызметін атқарған полиция подполковнигіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол өндірісіндегі қылмыстық процеске қатысушыдан қылмыстық істі қысқарту үшін 2 млн теңге мөлшерінде пара алу фактісі бойынша күдікке ілінді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Шынтуайтында қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты 2020 жылдың 8 ақпанында тоқтатылған. Алайда полиция подполковнигі бұл жағдайды өз пайдасына жаратпақ болған.

«Кінәнің толық мойындалуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген іс жүргізу тәртібінде аяқтауды жоспарлап отыр. Оның кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот белгілейді», - дейді ол.


Жоғары қарай