Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

СҚО-да төтенше жағдай режимі алынғанымен, блокпосттар жұмысын жалғастырады

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 14:01

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бүгіннен бастап төтенше жағдай режимі алынғанымен террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты блокпосттар жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтар сағат 7.00-ден бастап Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысынан төтенше жағдай режимі алынды. Осыған орай, облыс аумағы мен Петропавл қаласына кіру шектеулерінен басқа, бұрын енгізілген шектеулер алынады. Террористік қауіптің сары деңгейіне байланысты терроризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың шешімімен өңірде блокпосттар жұмысын жалғастырады. Яғни, бұрынғыдай жеке басты куәландыратын құжаттарды тексеруді көздейтін бақылау-өткізу режимі жалғасады.

«Бақылау-өткізу режимі тек халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғана қалып отыр. Бұрын енгізілген шектеулер мен тұрғындардың тәртіпті сақтауы жалпы жағдайды тұрақтандыруға септігін тигізді. Ішкі істер органдарының жеке құрамы бұрынғыдай ерекше режимде жұмыс істей береді. Қоғамдық тәртіп пен аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді күзету жалғасады», - деді СҚО Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.


Жоғары қарай