Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

СҚО-да үш көлік апатқа ұшырады

2020 жылдың 30 қараша 2020 19:42

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан үш көлік зақымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Апат Петропавл және Булаево аудан орталығы арасындағы тас жолда болды.

«Mitsubishi Pajero» жүргізушісі «Volkswagen Transporter» және «ВАЗ-2115» автомобильдерімен соқтығысты. Оқиға салдарынан жабайы жануарды өткізіп жіберу үшін аялдап тұрған екі көлік тасжолдан шығып кетті. Автокөліктердің біріндегі екі жолаушы дене жарақатын алды», - дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Полицейлер материалдар жинауда, кейін оларды Қызылжар ауданының сотына тапсырады.











Жоғары қарай